Үш құрама әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне жолдама алып қойды
Футболдан әлем чемпионатындағы 2-турда Португалия құрамасы Уругвайды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын 2:0 есебімен аяқталды. Бруно Фернандеш дубль авторы атанды. Бірінші гол басында Криштиану Роналдуға, кейін Фернандешке жазылды.
Осы жеңістен кейін Португалия құрамасы Н тобында алты ұпай жинап, плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Бұған дейін команда Гана құрамасын жеңген еді.
Осылайша, топтық кезеңнің 2-турынан кейін үш құрама 1/8 финалға жолдама алып қойды - Франция, Бразилия және Португалия.
ӘЧ-2022. H тобы. Екінші тур.
Португалия – Уругвай – 2:0 (0:0)
Голдар: Фернандеш 54 (1:0), Фернандеш 90+1 (2:0)
Ескертулер: Невеш 38, Феликс 77, Диаз 89 – Бентанкур 6, Оливера 44
Төреші: Фагани (Иран)
29 қараша. Лусаил. «Лусаил» стадионы.