ГЛАВНАЯ
Вице-чемпион Катардағы алғашқы матчында сүрінді
Вице-чемпион Катардағы алғашқы матчында сүрінді

Футболдан әлем чемпионатының F тобында Марокко мен Хорватия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хорватия Катардағы додаға вице-чемпион ретінде келді - «шақпақ түстілер» Ресейде күміс медаль иеленген еді.
Бірақ төрт жыл бұрынғы жүлдегер Катардағы әлем чемпионатын сәтсіз бастады. Марокко қақпасына шабуылды қарша бората алмай, ойын тең деңгейде өтті. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
F тобында әлемнің қола жүлдегері Бельгия да бар. Олар бүгін 01:00-де Канадамен күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или