ММА

Магомедов өзін жекпе-жекке шақырған Кичигинге жауап берді

Магомедов өзін жекпе-жекке шақырған Кичигинге жауап берді
news-banner7
mobile-news-top

Жартылай орта салмақтағы OCTAGON чемпионы Магомед Магомедов (10-0) қазақстандық файтер Георгий Кичигиннің (26-10) жекпе-жек өткізу туралы ұсынысына жауап берді, деп жазады Prosports.kz.

OCTAGON 37 турнирінде бразилиялық Алессандро Хассемді (7-4) жеңіпғ промоушендегі дебютін сәтті өткізген Кичигин Магомедовты жекпе-жекке шақырған.

«Өз жерлестеріңізге құрмет көрсеткеніңіз жөн, оларды әлсіз қарсылас дегеніңіз дұрыс емес. Менің ойымша, қайта сіздің қарсыласыңыз әлісіз болды. Кімнің мықты екенін жекпе-жек көрсетеді, сондықтан дайындал!» - деді Магомедов.

Айта кетейік, Еуразиялық промоушеннің келесі кеші - OCTAGON 38 21 желтоқсанда Алматыда өтеді.

Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының ресми серіктесі - Parmigiano Group компаниясы

Турнирдің ресми серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер