Күрес

Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар үш қола алды

Самбодан әлем чемпионатында қазақстандық балуандар үш қола алды

Қырғызстан астанасы - Бішкекте өтіп жатқан самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының 2-күнінде қазақстандық балуандар үш қола медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ел құрамасынан Ділдәш Құрышбаевадан (72 келі) ширек финалда румын Ольга Малейкаға есе жіберді. Ал қола медаль үшін жекпе-жекте өзбекстандық Мохигүл Комилжанованы таза ұтты.

Дүбірлі додада тағы екі қола Арнұр Қуатай (71 келі) және жауынгерлік самбодан 58 келіге дейінгі салмақта Мирас Уәлиевтің еншісіне жазылды.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 2 күміс, 5 қола медаль бар.

Бүгін Әлем чемпионатының соңғы күні, самбошылар қалған 7 салмақтың чемпионы мен жүлдегерлерін анықтайды.

Айта кетсек, әлем чемпионатына 52 елдің балуандары келді.

Енді 13 қарашада балуандар тағы 7 салмақта сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0