Жақып Қожамберді 7 матчқа ойыннан шеттетілді

30 маусым күні өткен Тәртіптік бақылау комитетінің отырысында «Тараздың» ойыншысы Жақып Қожамбердіні 7 матчқа аластату туралы шешім шығарылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Премьер-Лига

XVIII тур

«Тобыл» - «Тараз»

«Тараз» командасының ойыншысы Жақып Қожамбердіні матч төрешісіне айтқан былапыт сөздерді айтуына байланысты 7 матчқа ойыннан шеттету. Ж.Қожамберді жазаны келесі тәртіп бойынша өтейді: алғашқы төрт матч - нақты ойынға қатыспау, соңғы үш матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза. Ж.Қожамбердінің ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 29 маусымынан бастап айыруды белгілеу.

«Оқжетпес» - «Атырау»

«Оқжетпес» футбол клубына жанкүйерлердің стадионда былаптыт сөздерді айқайлағаны үшін «600 (алты жүз мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.

«Ертіс» - «Шахтер»

«Шахтер» командасының ойыншысы Михрет Топчагичті қарсыластың ойыншысын қолмен ұрғаны үшін 3 матчқа ойыннан шеттету. М.Топчагичтің ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 29 маусымынан бастап айыруды белгілеу.

XVII тур

«Атырау» - «Жетісу»

«Жетісу» футбол клубының ойыншысы Гедминас Вичюстің ойынға заңсыз қатысқаны үшін келесі жазалар қолдану:

- Матч нәтижесінің күшін жою және бұл матчта «Жетісу» футбол клубына 0:3 есебімен жеңіліс белгілеу, ал «Атырау» футбол клубына 3:0 есебімен жеңіс белгілеу.

- «Жетісу» футбол клубына «500 000 (бес жүз мың теңге) көлемінде айыппұл» салу.

«Ертіс» - «Қайрат»

«Қайрат» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

Дубль құрамалары арасындағы турнир

XVII тур

«Ордабасы» - «Астана»

«Астана» футбол клубының жаттықтырушысы В.В.Глевичке матч кезінде техникалық аймақтан шыққаны үшін «40 000 (қырық мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.

«Ордабасы» футбол клубына матч уақытында ішкі істер органдарының қызметкерлерінің саны жетіспеуі, медициналық қызмет көлігінің уақытында келмеуі және матчтың уақытынан кешігіп басталуына байланысты «150 000 (жүз елу мың) теңге» көлемінде айыппұл салу.

«Ақтөбе» - «Тобыл»

«Тобыл» командасының ойыншысы Кирилл Короткевичті қарсыласының гол соғу мүмкіндігіне кедергі келтіргені үшін бір матчқа ойыннан шеттету.

XVIII тур

«Қайрат» - «Астана»

«Қайрат» футбол клубына ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (5 ойыншының ескерту алуы) 50 000 (елу мың) теңге көлемінде айыппұл салу.

Бірінші Лига

XI тур

«Спартак» - «Болат АМТ»

«Спартак» командасының ойыншысы Константин Задорожныйды қарсыласын әдейі ұрғаны үшін (ойын тоқтап тұрған кезде) үш матчқа ойыннан шеттету. К.Задорожныйдың ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 28 маусымынан бастап айыруды белгілеу.

«Қыран» - «Каспий»

«Қыран» командасының ойыншысы Әбдірахман Бекжанды төрешінің көмекшісіне былапыт сөз айтқаны үшін жеті матчқа ойыннан шеттету. Б.Әбдірахман жазаны келесі тәртіп бойынша өтейді: алғашқы төрт матч - нақты ойынға қатыспау, соңғы үш матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза. Б.Әбдірахманның ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 28 маусымынан бастап айыруды белгілеу.

«Қызылжар» - «Екібастұз»

«Екібастұз» командасының бас бапкері В.В.Линчевскийді төрешінің шешіміне келіспегені үшін екі матчқа ойыннан шеттету. В.Линчевский жазаны келесі тәртіп бойынша өтейді: бірінші матч - нақты ойынға қатыспау, соңғы матч - алты ай сынақ мерзіміндегі шартты жаза. В.Линчевскийдің ойынға қатысу құқығынан 2015 жылдың 28 маусымынан бастап айыруды белгілеу.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или