Анатолий Тимощук: «Әзірге футбол ойнауға күш-қуатым жеткілікті»

Немістің «Бавариясы» мен ресейлік «Зенит» командаларының бұрынғы ойыншысы Анатолий Тимощук футболшы ғұмырымен қош айтыспайтындығын жеткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

– Қазіргі таңда бірнеше клубтан ұсыныстар түсті. Әзірге соларды қарастырудамын. Жақын арада өзіме ыңғайлысын таңдап, спорттық мансабымды жалғастырамын

– Осы жылдың наурыз айында 36 жасқа толдыңыз. Негізі сіздің жасыңызда көп футболшылар спортпен қош айтысады. Сізге сондай ойлар келді ме?

– Мен болашағымды тек футболмен байланыстырғым келеді. Сол себепті Украина футбол федерациясына жаттықтырушы лицензиясын алу үшін керек құжаттарымды тапсырдым.

– «Зениттің» бапкерлік құрамына кіруге қалай қарайсыз?

– Қазіргі таңда футбол ойнауға күш-қуатым жеткілікті деп ойлаймын. Әрі лицензиясыз бапкер болу мүмкін емес.

Айта кетейік, Тимощук алматылық «Қайратпен» келісім жүргізуде. Жақында ғана «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ойынды тамашалау үшін Алматы қаласына ұшып келген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или