«Қайрат» қала меншігіне өте ме?

«Қайрат» қала меншігіне өте ме?

«Қайрат» футбол клубы қала меншігіне өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты:

«Клуб қазір жеке меншікте, шешімді күтіп отырмыз. Қала меншігіне өткеннен кейін барлық мәселені шешеміз. Қазір «Қайрат» жеке клуб. Ол бізге әлі берілген жоқ, берілісімен қала көмектеседі. Сот шешімі шықсын», – деді Алматы қаласының әкімі.

Осы мәселеге байланысты Prosports.kz тілшісі «Қайраттың» бас директоры Асқар Есімовке хабарласты. Ал Асқар Әсілбекұлы былай дейді:

«Қайраттың» қала меншігіне өтетіні туралы бізде ешқандай ақпарат жоқ. Клуб әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Ешқандай мәселе жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен сұраған дұрыс шығар», – деді Есімов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или