Месси «Маккабиге» қарсы ойында рекорд жаңартты

Месси «Маккабиге» қарсы ойында рекорд жаңартты

ПСЖ-ның аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі 5-турда Хайфаның «Маккабиіне» қарсы ойында (7:2) тамаша өнер көрсетіп, нәтижесінде турнир рекордтарының бірін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз атап өткендей, Лионель Месси бір ойында екі гол соғып, екі нәтижелі пас берген (35 жас, 123 күн) Чемпиондар лигасы тарихындағы ең қарт ойыншы.

Жалпы, Месси осы маусымда ПСЖ сапында барлық турнирлерде 16 ойынға қатысып, 11 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.

Оның париждік клубпен келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін жасалған және трансфер құны 50 миллион еуроға бағаланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или