«Наполидің» спорт директоры Зайнутдинов жайлы сұраққа жауап берді
«Наполи» клубының спорт директоры Криштиану Джунтоли неапольдік клуб ЦСКА мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдиновке қызығушылық танытпайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.
«Наполи Зайнутдиновқа қызығушылық танытып жатыр ма? Бұл ойыншы біздің тізімде жоқ», - деді Джунтоли.
Бұған дейін журналист Иван Карпов ЦСКА Зайнутдиновты биылғы қыста А сериясына сатып, кем дегенде 5-6 миллион еуро табыс тапқысы келетінін айтқан. Қазақстандық футболшының мансабын итальяндық қай клубта жалғастыруы мүмкін екені хабарланған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или