«Зениттің» Нұралы Әліпке қатысты жоспары қандай?

«Зениттің» Нұралы Әліпке қатысты жоспары қандай?

РБ Спорт басылымының хабарлауынша, «Зенит» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті «Қайрат» командасынан сатып алу-сату туралы шешімді әлі шешкен жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол маусымның бірінші бөлімі аяқталғаннан кейін қабылданады.

Қазақстандық қорғаушы «Зенит» сапында жалға ойнайды, оның негізгі келісімшарты «Қайратқа» тиесілі. 22 жастағы Әліптің петерборлық клубпен келісімі жыл соңында аяқталады.

Біздегі ақпаратқа сәйкес, «Зенит» Әліптің болашағына қатысты соңғы шешімді әлі қабылдаған жоқ. Клуб қазақстандық қорғаушының келісімшартын сатып ала ма, жоқ па, оны маусымның бірінші бөлігі аяқталғаннан кейін клуб шешеді. Команда Ресей кубогы аясында биылғы күздің соңғы ойынын 18 қарашада «Спартакпен» өткізеді.

Биылғы маусымда Әліп РПЛ-ның екі матчына қатысып, 46 минутты алаңда өткізді. Оның Ресей кубогында үш ойыны бар. Сонымен қатар, футболшы Ресей суперкубогында толық ойын өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или