«Ордабасы» ойыншысы «Ақтөбеге» қарсы матчқа қатыспайды
«Ордабасы» футбол клубының қорғаушсы Сағадат Тұрсынбай Премьер-лиганың 25-туры аясында өтетін «Ақтөбеге» қарсы матчқа қатыспайды.
23 жастағы ойыншы 24-турдағы «Ақсуға» кездесуде (2:2) осы маусымдағы төртінші сары қағазын алды. Сол себепті ол алдағы «Ақтөбеге» қарсы ойынға қатыса алмайды.
Айта кетейік, Сағадат Тұрсынбай биыл 23 кездесуге қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или