Қазақстандық шабуылшы ресейлік клуб сапында матч өткізді
2022/2023 жылғы маусымдағы Екінші лига командалары арасындағы футболдан Ресей чемпионатының 18-ші туры аясындағы матчта аттас қаланың «Муромы» өз алаңында «Химикпен» тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің екі шетіндегі екі команданың ойыны голсыз аяқталды – 0:0.
20 жастағы қазақстандық шабуылшы Байжан Мәделхан «Муром» сапында 62 минут өткізді.
Еске салайық, Маделханның құқығы алматылық «Қайратқа» тиесілі - ойыншы «Муромда» жалда ойнайды.
Муром 36 ұпаймен кестеде тобында екінші орында тұр. 17 ұпайы бар «Химик» турнир кестесінде оныншы орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или