Магомед Адиев Ұлттық құрамамен жаңа келісімшарт жайлы айтты

Магомед Адиев Ұлттық құрамамен жаңа келісімшарт жайлы айтты

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «РБ Спорт» басылымына 10 қарашаға жоспарланған оқу-жаттығу жиыны басталғаннан кейін келісімшартты ұзарта алатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әдиев Қазақстан құрамасының тізгінін 27 сәуірде ұстады. Оның жетекшілігімен команда Ұлттар лигасында төрттікте Әзірбайжан, Словакия және Беларусь құрамаларын басып озып, өз тобының жеңімпазы атанды. Бапкердің ұлттық құрамадағы қазіргі келісімі жыл соңында аяқталады.

«Келісімшартқа әлі қол қойылған жоқ. Белгілі бір жетістіктер бар, бірақ әлі расталған құжат жоқ. 10-ы күні оқу-жаттығу жиынына барамыз, биыл Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерімен болатын соңғы жолдастық кездесуге дайындаламыз. Бұл кездесу соңғы шешім болады деп ойлаймын. Иә, біз келісімге жақынбыз, диалогтар бар, бірақ олар әлі қолтаңбамен мөрленген жоқ», - деді Әдиев.

Әдиев бұрын «Волга», «Терек-2», «Легион Динамо», «Анжи», «Чайка» және қарағандылық «Шахтер» командаларының бас бапкері қызметін атқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или