«Ордабасы» ойыншысы «Ақсуға» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Ордабасы» ойыншысы «Ақсуға» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Ордабасы» жартылай қорғаушысы Александр Батищев «Ақсуға» қарсы матч (2:2) туралы ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Кездесу оңайға соқпады, ауа райы өз әсерін тигізіп, алғашқы таймда екі мәрте есепті теңестірдік, Құдайға шүкір. Екінші таймды жақсырақ өткіздік және үш ұпайды алуға қауқарлы едік. Бірақ бізге сәттілік жетіспеді, сырт алаңда тең ойнау жаман нәтиже емес.

Алға жылжимыз, жұмыс істейміз, келесі ойындарға дайындаламыз. Келесі қызықты матч «Ақтөбемен» өтеді, жанкүйерлерді сол ойынға шақырғым келеді, біз оларды өз ойынымызбен қуантып, жеңіске жетсек дейміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или