«Өз лигамыз»: футзалдан «SD Family» мен «Jusan» өткізген турнирдің қорытындысы

«Өз лигамыз»: футзалдан «SD Family» мен «Jusan» өткізген турнирдің қорытындысы

Астанада «SD Family» және «Jusan» бірлесіп ұйымдастырған «Өз лигамыз» балалар турнирі аяқталды. Турнир қалай өткені Prosports.kz материалында.

«Өз лигамыз» турнирі 27 тамызда басталып, 22 қазанға дейін жалғасты. Командалар апта сайын матч өткізіп, әрқайсы тоғыз кездесуден ойнады.

Барлық кездесуден кейін жеңімпаздар марапатталды.

«Турнирді «SD Family» мен «Jusan» ұйымдастырды. Бұл жарыс жетінші рет өтіп жатыр. Бұл жолғы кездесулер футзалдан еліміздегі ең үздік спорт ареналарының бірі – «Сайран Аренада» өтті. Мұнда біз жанкүйерлер мен ата-аналар үшін ең жақсы жағдайды жасадық. Көпшілік жоғары ұйымшылдыққа тәнті болды», - деді турнир жетекшісі Даниил Пичкарев.

Ол «Өз лигамыз» турнирін ұйымдастырушылардың бірі болған ететін «Jusan» балалар футболын кеңінен насихаттап, олардың спортта дамуына мүмкіндіктер ашуды мақсат етіп отырғанын айтады.

Қатысушылар арасында «Сайран» футбол мектебінің тәрбиеленушілері де бар. Олардың директоры Владимир Кравченконың айтуынша, спорттық іс-шараның ұйымдастырылуы жоғары деңгейде өтті.

«Бұл балалар үшін тамаша футбол мерекесі болды. Мұнда керемет атмосфера, белсенді жанкүйерлер. Мектебіміз әртүрлі жас санаттарынан команда ұсынып, барлығы жүлделі орындарға ие болды. Бұл нәтиже тұрақты деп ойлаймын. Бізде белгілі бір нәтижелер бар.

Бізде футболды дамытуға қызығушылық танытатын адамдар болғаны өте жақсы. Оларды қолдайтын демеушілер бар».

Аманжол Орынбасардың футболмен айналысқанына төрт жыл болды. Турнирге «Прогресс» футбол академиясынан қатысты. «Үздік қорғаушы» номинациясын жеңіп алды.

«Ұйымдастырушылар турнирді өте қызық етіп өткізді. Мен мұндайды күтпедім. Өзімізді көрсетуге мүмкіндік берген «SD Family» мен «Jusan-ға» рақмет. Мұнда өте күшті командалар болды, сондықтан олардың мені таңдағандарына өте қуаныштымын», - дейді қатысушы.

Турнир қорытындысы:

2007-2008
1-орын - Целиноград
2-орын - Сайран
3-орын - Progress

Үздік ойыншы - Аманов Заңғар («Целиноград»)
Шабуылшы - Торғауытов Әлібек («Сайран»)
Қорғаушы - Орынбасар Аманжан («Progress»)
Қақпашы - Тілеукенов Мирхат («БФО»)

2009-2010
1-орын – «Progress»
2-орын – «Сайран»
3-орын – «Айбын»

Үздік ойыншы - Қали Санжар ( «Progress»)
Үздік қақпашы - Аяпбергенов Асылжан («Сайран»)
Қорғаушы - Нукишев Аңсар («Айбын»)
Шабуылшы - Голев Давид («Целиноград»)

2011-2012
1-орын – «Айбын»
2-орын – «Сайран 2011»
3-орын – «Сайран 2012/Эверест»

Үздік ойыншы - Құсайынов Медет («Айбын»)
Шабуылшы - Қасымжан Темірәлі («Сайран»)
Шабуылшы - Елеу Әлмансұр («Сайран»)
Қорғаушы - Үмбетәлиев Дәулет («Эверест»)
Қақпашы - Басенко Илья

2013-2014
1-орын – «Айбын»
2-орын – «Эверест»/ «Роял»/ «Сайран 2013»
3-орын – «Эверест»/ «Роял»/ «Сайран 2013»

Үздік ойыншы - Серікбай Әлихан («Айбын»)
Шабуылшы - Самат Әлім («Эверест»)
Қорғаушы - Березуцкий Данила («Royal»)

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или