Меркель Түркия кубогындағы алғашқы голын соқты

Меркель Түркия кубогындағы алғашқы голын соқты

Түркия кубогының 1/64 финалында Александр Меркель ойнайтын «Газиантеп» өз алаңында «Сарыер» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойын 4:0 есебімен аяқталды.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель бұл кездесуде гол соғып көзге түсті.

Айта кетерлігі, бұл Меркельдің Түркия кубогындағы алғашқы голы. Оның үстіне ол биылғы маусымда алғаш рет гол соғып отыр. Бұған дейін Түркия суперлигасында төрт матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или