Golden Boy-2022 жүлдесін Гави алды

Golden Boy-2022 жүлдесін Гави алды

Еуропадағы ең үздік жас ойыншыға берілетін Golden Boy жүлдесін 2022 жылы «Барселона» <span>жартылай қорғаушысы Гави</span> алды, деп жазады Prosports.kz.

18 жастағы испаниялық футболшыға жүлде 7 қарашада Туринде тапсырылады. Бұған дейін Гави жылдың үздік жас ойыншысына берілетін Раймон Коп сыйлығын да жеңіп алған болатын.

<span>Айта кетейік, 2003 жылдан бері беріліп келе жатқан бұл жүлдені былтыр «Барселонаның» тағы бір ойыншысы Педри алған болатын.</span>

Биыл жүлдеге мына ойыншылар үміткер болды:

<span>Джуд Беллингем, Карим Адейеми (екеуі де — «Боруссия» Дортмунд), Эдуарду Камавинга («Реал» Мадрид), Педри, Ансу Фати (екеуі де — «Барселона»), Антониу Силва («Бенфика»), Фабиу Карвалью («Ливерпуль»), Вильфред Ньонто («Лидс»), Йошко Гвардиол («РБ Лейпциг»), Джамал Мусиала, Матис Тель, Райан Гравенберх (бәрі — «Бавария»), Фабио Миретти («Ювентус»), Нико Гонсалес («Валенсия»), Нуну Мендеш («ПСЖ»), Джорджио Скальвини («Аталанта»), Никола Залевский («Рома»), Беньямин Шешко («Ред Булл Зальцбург»), Ийенома Дестини Удогие («Удинезе»).</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или