«Челси» 2023 жылы Неймарды сатып алмақ

«Челси» 2023 жылы Неймарды сатып алмақ

«ПСЖ» шабуылшысы Неймар карьерасын ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. 30 жастағы футболшыға «Челси» көз тігіп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

El Pais мәліметінше, лондондық клуб Неймарды 2023 жылы сатып алмақ. «Челси» ойыншының жалақысын да беруге дайын — жылына 40 млн еуро.

2022/23 жылғы маусымда Неймар «ПСЖ» сапында 16 матч өткізіп, 12 гол мен тоғыз нәтижелі пастың авторы атанған. Transfermarkt порталы футболшыны 75 млн еуроға бағалаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или