Қазақстандық бапкердің командасы Еуропада кезекті чемпиондық атаққа жақындады
Бас бапкері қазақстандық маман Владимир Чебурин «Жальгирис» командасы Литва чемпионатының 28-ші турындағы ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>«Жальгирис» </span>матчтың 45-минутында Донатас Казлаускастың голының арқасында Паневежисті қонақта 1:0 есебімен ұтты. 88-минутта алаң иелерінің ойыншысы пенальтиден мүлт кетті.
«Жальгиристің» қазақстандық қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкен бүкіл ойынды қосалқы құрамда өткізді.
Чебурин шәкірттері 69 ұпай жинап, ең жақын қуғыншы командадан 12 ұпайға басымдықпен турнир кестесінде сенімді көш бастап тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или