Қазақстандық жас шабуылшысы Еуропа лигасына қатысушы команда сапында гол соқты
Бүгін Дрокияда Молдова кубогының 1/8 финалының матчында жергілікті «Спиранца» мен «Шериф» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Шериф» 6:0 есебімен cенімді жеңіске жетті, ал жеңіс голының авторы 19 жастағы қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов атанды. Ол негізгі құрамға шығып, кездесудің тоғызыншы минутында гол соқты.
Ширек финалда Степан Томаштың шәкірттері «Дачиа Буиуканимен» ойнайды.
Айта кетейік, Шериф биылғы маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңінің қатысушысы.
Сперанца (Дрохия, Молдова) - Шериф (Тирасполь, Молдова) 0:6 (0:4)
Гол соққандар: Анкудинов, 9 – 0:1, Ботос, 18 – 0:2, Амбри, 26 (пенальти) – 0:3, Ботос, 40 – 0:4, Хатман, 54 – 0:5, Игнатов, 66 – 0 :6.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или