Канте әлем чемпионатына қатыса алмайды

Канте әлем чемпионатына қатыса алмайды

«Челси» футбол клубы мен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Н'Голо Канте Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лондондық клуб жартылай қорғаушыға ота жасалғанын әрі 4 ай бойы алаңға шыға алмайтынын хабарлады. Демек ол 2022 20 қарашада басталатын әлем біріншілігіне бара алмайды.

Айта кетейік, 31 жастағы футболшы осы маусымның басында – 14 тамызда «Тоттенхэмге» қарсы ойында (2:2) жарақат алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или