Мақсат - 2022 жылғы әлем чемпионатына бару және Франциямен жеңіске жету үшін бәрін жасау – Бензема

Мақсат - 2022 жылғы әлем чемпионатына бару және Франциямен жеңіске жету үшін бәрін жасау – Бензема

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доп» иегері атанған Франция құрамасы мен «Реал Мадрид» шабуылшысы Карим Бензема Катарда өтетін әлем чемпионатындағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап.

«Анама берген уәдем орындалды, оны мақтан тұтамын. Мен Франция құрамасымен әлем чемпионатында жеңіске жеткім келеді. Бұл мақсат – әлем чемпионатына бару және жеңіске жету үшін бәрін жасау», — деп келтіреді Бенземаның сөзін RMC Sport.

Еске салайық, 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді. Турнирдің топтық кезеңінде Франция құрамасы Австралия, Дания және Тунис құрамаларымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или