«БИІК-Шымкент» Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды
«БИІК-Шымкент» футболдан әйелдер командалары арасында 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сітлеме жасап.
Шымкенттік команда 11 дүркін ел чемпионы болып отыр.
Ел чемпионаты аясындағы «Ордабасы» – «Шахтер» матчының үзілісінде марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:
Үздік қақпашы – Оксана Железняк («БИІК-Шымкент»);<br />Үздік қорғаушы – Анастасия Власова («Оқжетпес»);<br />Үздік жартылай қорғаушы – Бибігүл Нұрышева («Томирис-Тұран»);<br />Үздік ойыншы – Гүлнара Габелия («БИІК-Шымкент»);<br />Үздік сұрмерген – Мари Жизель Нга Манга – 42 гол («Оқжетпес»).
Қазақстан футбол федерациясы шымкенттік команданы жеңімпаз атануымен құттықтайды!