2023 жылғы Азия кубогы Катарда өтеді
<span>Футболдан 2023 жылғы Азия кубогы Катарда өтеді, деп хабарлайды </span>Prosports.kz.
Катар футбол қауымдастығының (QFA) президенті Хамад бен Халифа бен Ахмед Аль Тани Азия футбол конфедерациясының басшысы Салман бен Ибрагим Аль Халифаның қолынан 2023 жылы өтетін Азия кубогын ұйымдастыруға сертификат алды.
Бастапқыда турнир Қытайда өтеді деп жоспарланған, бірақ 2022 жылы мамырда бұл ел коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты жарысты өткізуден бас тартты.
Азия кубогы 2023 жылы 16 маусым мен 16 шілде аралығында Катарда өтеді. Катар 1988 және 2011 жылдары екі рет Азия кубогын қабылдады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или