Абзал Бейсебеков: Алда маңызды үш ойын бар

Абзал Бейсебеков: Алда маңызды үш ойын бар

«Астананың» капитаны Абзал Бейсебеков клубтың баспасөз қызметіне сұхбат беріп, «Қайратпен» өткен ойынның нәтижесі жайында айтты.

– Матчтың нәтижесіне қарамастан, бұл біз үшін қиын ойын. Матчтың алғашқы 20 минутында жақсы ойнадық, кейін ойын қарқыны бәсеңдеп қалды. Ең бастысы, кездесу сәтті аяқталып, жеңіске жеттік. Астанадан келіп, бізді қолдаған жанкүйерлерге рахмет!

– Негізгі құрамға қайта оралғаныңызға өте қуаныштымыз. Денсаулық жағдайы, ойынға дайындық жағынан қазір өзіңізді қалай сезінесіз?<br />– Құдайға шүкір, денсаулығым тамаша – бәрі жақсарып келеді. Кішігірім жарақаттар болды, бірақ қазір ойынға деген дайындықты күн санап күшейтіп келемін. Енді осы беттен қайтпауға тырысамын.

– Алдымызда чемпионаттың үш маңызды ойыны бар, командамыз басты мақсатқа жету үшін не істеуі керек?<br />– Иә, алда үш маңызды ойын бар. Осы үш матчта жеңіске жету керек, ол үшін бір команда болып, ойындарға физикалық және рухани жағынан жақсы дайындалуымыз керек. Қысым мен жауапкершілік жүгіне алаңдамай, тек алға жылжуымыз керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или