Кирилл Кекер: Шағым ойыншыларға емес, тек маған бар

Кирилл Кекер: Шағым ойыншыларға емес, тек маған бар

«Қайрат» ФК бас бапкері Кирилл Кекер футболдан Қазақстан чемпионатынң 23-туры аясында өткен «Астанаға» қарсы матчты қорытындылады.

- Бірінші кезекте «Астананы» жеңісімен құттықтағым келеді. Стадионға келіп, осындай атмосфераны жасаған жанкүйерлерге алғысымды айтамын. Біз үшін жанкүйерлік еткендерден кешірім сұраймын. Өкінішке қарай, қазіргі таңда бар осы болып тұр. Ойыншылар алаңда қолдарынан келгенді істеді, оларға алғысымды айтамын. Шағым ойыншыларға емес, тек маған бар. 

- Григорий Бабаянның сөзінше, алғашқы он минутта «Астана» «Қайратты» тактикалық іс-әрекетімен тас-талқанын шығарғысы келген. «Қайрат» қарсылық танытуға дайын болмағандай көрінбеді ме?

– Алғашқы он минут біз ойлағандай болған жоқ. «Астана» тактикалық тұрғыдан емес, біз өзіміз түрлі себептерге байланысты дайын болмадық. Проблема тек бізде.

– Лев Кургин өз қапталында өзіне артылған міндетті атқара алмағандай көрінбеді ме? Кейлер не себепті алаңда болмады?

– Бұл менің бапкер ретіндегі шешімім. Ол Қазақстан футболының болашағы.

– Демек Сергейдің жарақаты болмады ма?

– Егер сіз біздің команданы бақылап жүрсеңіз, әр түрлі себепке байланысты негізгі құрам өзгеріп отыратынын байқайсыз. Дәл бұл сәтте мен осындай шешім қабылдадым.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или