Вороговскийдің командасы «Стандардтың» жастарын жеңді
«Моленбек» Бельгия Бірінші лигасының тоғызыншы туры аясында «Стандард U-23» командасын жеңді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Матч 4:1 есебімен аяқталды.
«РВД Моленбек» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға негізгі құрамда шығып, толық матч өткізді. Ойын барысында Ян сары қағаз алды.
Айта кетейік, «РВД Моленбек» қазір 15 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или