«Вест Хэм» - «Андерлехт» матчы тәртіпсіздікпен аяқталды

«Вест Хэм» - «Андерлехт» матчы тәртіпсіздікпен аяқталды

Конференция лигасы топтық кезеңінің 4-туры аясындағы англиялық «Вест Хэм» мен бельгиялық «Андерлехт» арасындағы ойын (2:1) тәртіпсіздікпен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Тәртіпсіздік кезінде төрт полицейдің жарақат алғаны хабарланды. Ойын соңында «Андерлехт» жанкүйерлері алаң иелері жанкүйерлерінің секторына файер мен орындықтарды лақтыра бастаған.

«Біз «Вест Хэмнен» осындай әрекеттер үшін кешірім сұрағымыз келеді», - деді «Андерлехт» өкілдерінің бірі.

«Вест Хэм» төрт ойыннан кейін 12 ұпаймен В тобында көш бастап келеді. «Андерлехт» төрт ұпаймен үшінші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или