Екінші лига жеңімпазы қалай анықталады

Екінші лига жеңімпазы қалай анықталады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Екінші лиганың екі конференциясының жеңімпазы арасында фианлдық матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Солтүстік-Шығыс» және «Оңтүстік-Батыс» конференциясының жеңімпаздары Екінші лига жеңімпазы атағы үшін финалдық кездесу өткізеді.

Ойын 23 қазан күні Шымкент қаласындағы «БИІК» (Тассай) стадионында өтеді.

Аталған стадионда 22 қазан күні өз конференциясында екінші орын алған командалар арасында үшінші орын үшін матч өтеді.

Айта кетейік, қазір бір финалист белгілі. Алматылық «Хан-Тәңірі» мерзімінен бұрын «Солтүстік-Шығыс» конференциясының жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или