Қазақстандық төрешілер Еуропа чемпионатына іріктеу матчтарына қазылық етеді
Қазақстандық төрешілер 17 жасқа дейінгі командалар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу матчына қазылық жасайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Болгария мен Швейцария жасөспірімдер құрамсы арасындағы ойынға қызылордалық Данияр Сахи бас төреші болып тағайындалды. Оған Юрий Тихонюк (Ақтөбе) көмектеседі. Матч 13 қазанда Сливен қаласында (Болгария) өтеді.
Сондай-ақ 16 қазанда Сливенде Түркия U-17 - Болгария U-17 матчы өтеді, онда Юрий Тихонюк төрешінің көмекшісі, ал Данияр Сахи төртінші төреші қызметін атқарады.
Сонымен қатар, Сахи мен Тихонюк Швейцария U-17 - Түркия U-17 ойынына қызмет көрсетеді. Ойын 19 қазанда Стара-Загорадағы «Берое» стадионында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или