Данил Устименко: Өз жұмысымды істедім
«Қайрат» ФК қақпашысы Данил Устименко клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында «Атырауға» қарсы матчты қорытындылады.
- Ойыннан тек жақсы әсер қалды. Жақында жарақаттанған едім, тез арада қалпыма келгеніме қуаныштымын. Осы үшін біздің медициналық штаб қызметкерлері Георгий мен Дастанға алғысымды айтамын!
Ойынға келер болсақ, қарсыласымыз кейінгі екі матчтағы жеңістен кейін жігерленген еді. Гол жіберген сәтте допты ұстадым деп ойладым, бірақ жел мен алаң доптың өзі қолға келмейтінін көрсетті.
Пенальтиді қайтарған кезде қарсылас дұрыс соққы жасай алмады, ал мен өз кезегімде жұмысымды істедім.
Біздің клубтың жанкүйерлеріне ештеңе қарамастан қолдау көрсетіп, сенім артқаны үшін алғысымды айтамын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или