«Своя лига» дегеніміз не және ол балалар футболының дамуына қалай әсер етеді?
Балалар жылында «Своя лига» атты жаңа балалар турнирі басталды. Бұл жобаны кім жасады, оған кім қатыса алады және турнир қандай оң нәтиже беретінің Prosports.kz материалынан оқыңыз.
«Своя лига» – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер жылы аясында «SD Family» Jusan банкімен бірлесіп жасаған футбол жобасы.
«Біз елдегі спорттың дамуына үлес қосқымыз келеді және Jusan бұл мүмкіндікті беріп отыр: турнирге қатысу тегін, жарыс тікелей трансляциялармен, Youtube-тегі ойын күндерінен VLOG шығарылымдарымен және Астананың ең жақсы залы - «Сайран Аренада» өтеді, - деп бөлісті жоба менеджері Даниил Пичкарев.
Футзал турнирінің өзі бірден 4 жас тобындағы жастар командалары арасында өтеді:
2007-2008 ж.
2009-2010 ж.
2011-2012 ж.
2013-2014 ж.
Жарыс 27 тамызда басталып, 16 қазанға дейін жалғасады. Әр команда апта сайын бір ойын ойнайды, жалпы турнир 9 ойыннан тұрады.

«Турнир ұзаққа созылатындықтан және мектептерде оқу жылымен қатар өтетіндіктен, ойындар демалыс күндері өткізіледі және басқа қалалар мен елді мекендердің командаларының келуіне мүмкіндік береді», - деп толықтырды Пичкарев.
«Турнирдің ұйымдастырылуы қаладағы көптеген әуесқойлар лигаларына қарағанда әлдеқайда жоғары, жабдықтар мен киімді Jusan қамтамасыз етеді, әр команданың өз логотипі бар, барлық дерлік командаларда 2 жаттықтырушы бар, бұл балаларға ойын сапасын арттыруға және алаңда дұрыс шешім қабылдауға үлкен серпіліс береді. Біз балалар лигасында VAR жүйесін енгіздік - бұл турнир деңгейін көрсетіп тұр, әрине VAR турнирдегі жоғары сапалы төрешілердің 99,9% сенімді шешімдер қабылдауына әсер етеді. Ойындардың көбісінде трибуналарды ата-аналар, достар және туыстар толтырады», - деп жалғастырды Даниил Пичкарев.
Турнир соңында барлық жеңімпаздар медальдармен марапатталып, жеке номинациялар бойынша үздік ойыншыларға да сыйлықтар беріледі.

«Бізде футзал өте жақсы дамығандықтан, әр түрлі командалар мен жас әрі талантты жігіттер өте көп, кейбір ойыншыларды жас кезінен бастап жаттықтырушылар байқап жатады. Ересектер тобынан көптеген жігіттерді қалалық чемпионаттың командалары шақырып үлгерді, олардың деңгейі қазірдің өзінде әлдеқайда жоғары. Турниріміздің арқасында футболшылардың көпшілігінің тағдыры оң бағытқа түсіп, Құдай қаласа, жақында теледидардан еліміздің туын ұстап тұрған ұлдарымызды көреміз деп сенеміз!» – деді жоба жетекшісі.
«Балалар лигасы бойынша үлкен жоспарлар бар, чемпионатты әр қалада өткізу, содан кейін жеңімпаздар арасында Қазақстан чемпионатын ұйымдастыру», - деп сөзін түйіндеді Пичкарев мырза.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 № 1.2.35/225/37 «Jusan Bank» АҚ лицензиясы.
Еуро-2024 іріктеуі: Қазақстанның қарсыластары кім?
Еуро-2024: Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі жарыс кестесі жарияланды