Облыс әкімі «Ақтөбе» ойыншыларымен кездесті
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Орталық стадионға барып, «Ақтөбенің» бапкерлік штабым және ойыншыларымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Әкім команданы өткен жарқын жеңіспен құттықтап, осы маусымда чемпион атануға тілектестік білдірді.
- Біздің міндетіміз айқын, ол — чемпион болу. Ақтөбеде футбол дәстүрі баяғыдан қалыптасқан, әлі де бар және жалғаса бермек. Биыл алтыншы мәрте ел чемпионы атанып, келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасына шығуға тиіспіз. Қалың жанкүйерлер қауымы бұл құрметке лайықты, - деді Тоғжанов.

Сөз алған команданың бас бапкері Андрей Карпович пен капитан Юрий Логвиненко облыс басшысына әкімдік тарапынан жасалып жатқан қолдау үшін алғыс айтып, чемпиондыққа жету үшін барлық күш-жігерді салуға уәде етті.