Роналду клубтық мансабындағы 700-голын соқты

Роналду клубтық мансабындағы 700-голын соқты

«Манчестер Юнайтед» АПЛ-дың 10-турында «Эвертонды» 2:1 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында МЮ шабуылшысы Криштиану Роналду бір гол соқты. Ол ойынның 44-минутында көзге түсті. Бұл оның МЮ сапындағы 144-голы болды.

Португалиялық ойыншы бұдан бөлек «Реал Мадрид» сапында 450, «Ювентусте» 101 және «Спортинг» сапында бес гол соққан.

Осылайша, Роналду ұлттық құрама жейдесіндегі голдарын есептемегенде, клубтық мансабындағы 700-голын соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол футбол тарихында бірінші орында тұр. Екінші орындағы Лионель Мессидің еншісінде 691 гол бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или