Анчелотти «Реал» ойыншыларының физикалық жағдайы туралы айтты
Карло Анчелотти «Реал Мадрид» ойыншыларының физикалық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
Бензема туралы:
«Ол бір айлық үзілістен кейін қатарынан екі ойын ойнап, сәл шаршады. Ертең ойнауы әбден мүмкін. Менің ойымша, жарақат Кәрімді біраз бәсеңдетті, бірақ мен үшін бұл әдеттегідей сияқты».
Куртуа туралы:
«Біз оны Варшаваға («Шахтерге» қарсы матчқа) апару керек пе, соны ойлауымыз керек. Бірақ ол класикода ойнайды деп ойлаймын», - деді «Реал Мадрид» бапкері.
«Реал» мен «Барселона» 16 қазанда ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или