Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте бір сатыға жоғарылады. Бұл туралы ҚФФ хабарлады.

Жаңа рейтинг 2022 жылдың 6 қазанында шықты. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 113-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізді: Беларусь (2:1) және Әзербайжанмен (0:3) ойнады.

ФИФА рейтингі. 6 қазан 2022 жыл:

1. Бразилия – 1841 ұпай

2. Бельгия – 1816

3. Аргентина – 1773

4. Франция – 1759

5. Англия – 1728

6. Италия – 1726

7. Испания – 1715

8. Нидерланд – 1694

9. Португалия – 1676

10. Дания – 1666

112. КХДР – 1169

113. Казахстан – 1166

114. Мозамбик – 1165

211. Сан-Марино – 762.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или