Қазақстан чемпионатының қыркүйек айындағы үздік голы анықталды. Видео

Қазақстан чемпионатының қыркүйек айындағы үздік голы анықталды. Видео

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы қыркүйек айындағы ел чемпионатының үздік голын анықтау үшін жанкүйерлер арасындағы сауалнама өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дауыс беру қорытындысында «Ақтөбе» ойыншысы Руслан Камболовтың «Мақтаарал» қақпасына соққан голы қыркүйек айының үздігі атанды. Ол 53,52% дауыс жинады. 

Екінші орын «Тараз» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабектің «Ақсу» қақпасына соққан голына (22,13%) бұйырды.

Үздік үштікті Қазақстан құрамасының тағы бір шабуылшысы Артур Шушеначевтің («Қайрат») «Ордабасы» қақпасына соққан голы (11,1%) түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или