Қазақстандық төрешілер «Бавария» - «Виктория Пльзень» матчына төрелік етеді

Қазақстандық төрешілер «Бавария» - «Виктория Пльзень» матчына төрелік етеді
Елордалық Саят Қарабаев бастаған қазақстандық төрешілер тобы УЕФА Жасөспірімдер лигасындағы «Бавария» (Мюнхен, Германия») және «Виктория» (Пльзень, Чехия) матчына төрелік етеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойын 4 қазан күні Мюнхенде өтеді. Матч Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Саят Қарабаевқа қос қапталдан отандастары Евгений Бельский (Тараз) мен Самат Тергеусізов (Алматы) көмектеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или