Денис Поляков: Мүмкіндігіміз жеткілікті болса да, нәтиже көрсете алмадық

Денис Поляков: Мүмкіндігіміз жеткілікті болса да, нәтиже көрсете алмадық

«Астананыі» қорғаушысы Денис Поляков «Тұранмен» өткен ойынды қорытындылады.

- Қиын ойын болды, мүмкіндігіміз жеткілікті болса да, нәтиже көрсете алмадық. Екінші таймда босаңсып, 0:2 есебімен ұтылып жаттық, бірақ матчты мінезге салып алып шықтық. Ойыннан кейін бірдеңе айту қиын, матчты сараптау керек, болған не іске аспаған сәттер жайында бапкерлер штабы айтып береді.

- Команданың жаңа бапкерлер құрамымен жаттыға бастағанына екі аптадай уақыт болды. Жаңа ойын құрылымымен жұмыс істеу қалай өтіп жатыр?

- Бәрі жақсы. Әрине, бейімделу уақыты бар, бірақ біз айтылғанның бәрін қабылдап, сұрағанның бәрін орындауға тырысып бағамыз. Сол себепті де бар жағдай бірқалыпты жүріп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или