Григорий Бабаян: Гол соғатын кем дегенде 6-7 мүмкіндігіміз болды
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Тұранмен» өткен ойын жайында пікірін айтты.
– Бірінші таймға баға беретін болсақ, 2-3 рет гол соғып, ойынды сол кезде-ақ шешуге болатын еді деп айтуға болады. Бірақ іске асырар керемет қанша сәт болғанын анық білмедім, кем дегенде 6-7, бірақ өкініштісі бізге салқынқандылық жеткіліксіз болды. Мүмкін жаттығу процесіндегі өзгерістердің әсері дейміз бе?!
Көптеген футболшылар жарақат алған еді, олар енді ғана қатарға қосылып жатыр, бірақ ойынға дайындық әлі де жетіспейді. Не десек те кез келген жағдайда тамаша сәттерді іске асыру қажет.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или