Кирилл Кекер: Ойыншылар жігер көрсетіп, соңына дейін күресті

Кирилл Кекер: Ойыншылар жігер көрсетіп, соңына дейін күресті

«Қайрат» ФК бас бапкері Қазақстан чемпионатының 21-туры аясында өткен «Қызыл-Жарға» (2:1) қарсы матчты қорытындылады.

- Алдымен барлық футбол жанкүйерін қызық матчпен құттықтағым келеді. Жігер көрсетіп, соңына дейін күрескен ойыншыларыма рахмет.

Кейінгі ойындарда ойлағанымыздың бәрі іске аспай, бізге қажет нәтижеге қол жеткізе алмадық. Бізге құрама матчына байланысты үзіліс ойынымызға өзгеріс енгізіп, жақсы дайындалу үшін керек болды. Ойыншыларға жақсы әсер еткені үшін қуаныштымын.

Екі апта табысты жұмыс істедік. Турнирлік кестеде өте маңызы бар бүгінгі жеңіс үшін қуаныштымын. Чемпионаттағы кейінгі 11 матчта 7 ойын сырт алаңда өтті. Сондықтан мінез көрсетіп, жеңіске жетудің маңызы зор.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или