Бруно Соарес: «Қайратқа» ауысқаныма өте қуаныштымын»

«Қайраттың» жаңа қорғаушысы Бруно Соарес алматылық клубтың баспасөз-қызметіне сұхбат берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Неліктен «Қайратты» таңдадыңыз?

- Менде бірнеше ұсыныстар болды. Бірақ мен Еурокубоктарда ойнағым келді, сондықтан «Қайратқа» ауыстым. Алматылық клубтың сапында ел кубогы мен чемпионатын жеңгім келеді.

- Қазақстандағы ең ірі командалардың біріне ауыстыңыз...

- Алматыға келгеннен бері маған бәрі ұнауда. Ендігі мақсат - «Қайратпен» жеңіске жету.

- Кезінде Генрих Шмидтгальмен бір командада ойнапсыз, одан Қазақстан жайлы сұраған жоқсыз ба?

- Генрихтен қазақстан футболы туралы сұрағанмын. Ол маған Қазақ футболы дамып келе жатқанын айтты. Алматыда жүргенінде маған фотоларын жіберетін. Кейін мен оған Алматыда түскен суретімді жібердім, ол мені құттықтады.

- Жақында ғана Еуропа лигасының жеребесі тартылды. «Қайрат» бірінші іріктеу кезеңде «Црвена Звездамен» кездеседі. Бұл ойын жайлы пікіріңіз қандай?

- Мен командаға енді ғана қосылдым. Алдымен, өзімнің әріптестерімен танысуым қажет. Содан соң ғана қарсылас команданы зерттей бастаймыз. «Қайратқа» ауысқаныма өте қуаныштымын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или