Исламбек Қуат «Астананың» негізгі құрамына оралды
Жаңа бас бапкер Григорий Бабаянның келуімен Қазақстан құрамасының ойыншысы негізгі құрамға қайтарылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының вице-капитаны Исламбек Қуат ұзақ үзілістен кейін «Астананың» негізгі құрамына қайтарылды.
Бұған дейін клуб жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат тәртіп бұзғаны үшін жастар құрамасына ауыстырылғанын ресми түрде хабарлаған болатын.
Клуб оқиғаға қатысты басқа мәліметтерді клуб жарияламады.
Айта кетейік, «Астана» халықаралық үзілістен кейін футболдан Қазақстан чемпионатындағы ойынын жалғастырып жатыр. Елордалықтар алғашқы ойынын 2 қазан күні «Тұранға» қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или