Армения, Грузия және Қырғызстан ойыншылары әлемнің топ-60 дарынды ойыншылар қатарына енді. Тізімде қазақстандықтар жоқ
Беделді The Guardian басылымы 2005 жылы туған дарынды 60 жас футболшының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.
Топ-60 әлеуеті зор ойыншылардың қатарына Армения, Грузия және Қырғызстан өкілдері енді — Гарник Минасян («Урарту II»), Лука Паркадзе («Динамо Тбилиси») және Бекназ Алмазбеков («Галатасарай U19»). Бұл тізімде ең көп Португалия өкілдері (4).
Бір қызығы, 2005 жылы туған үздік футболшылар рейтингінде Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или