Месси ұлттық құрама бомбардирлері арасында 3-орынға көтерілді
Лионель Месси Аргентина сапында 90-голын соғып, ұлттық құрама бомбардирлері арасында 3-орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
Аргентина құрамасының шабуылшысы Ямайкамен жолдастық кездесуде (3:0) дубль жасады.
«ПСЖ» шабуылшысы ұлттық құрама сапында 89 және 90-голдарын соғып, малайзиялық Мохтар Дахариден (89) озды. Месси Аргентина құрамасында 164 ойын өткізді.
Бомбардирлер арасында екінші орында Али Даи (Иран) - 148 ойында 109 гол. Ал Криштиану Роналду (Португалия) – 189 ойында 117 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или