Қазақстан жастары жолдастық матчта Беларусьпен тең түсті

Қазақстан жастары жолдастық матчта Беларусьпен тең түсті

Минскіде Қазақстан жастар құрамасы (21 жасқа дейінгі) Беларусь жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесудің 31-минутында Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Максим Самородов кездесуде есеп ашты. Алайда араға сегіз минут салып Карпицкий ойында таразы басын теңестірді. Нәтижесінде кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Қазақстан жастар құрамасы Ресейден 1:2 есебімен жеңілген болатын.

Беларусь U-21 — Қазақстан U-21 1:1 (1:1)

Гол соққандар: Самородов 31 (0:1), Карпицкий 39 (1:1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или