Нұралы Әліп «Зенит» сапына оралды

Нұралы Әліп «Зенит» сапына оралды

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп санкт-петербургтік «Зенит» клубына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сейсенбі күні футболшы «Зенит» сапында жаттығу өткізіп, бейсенбі Мәскеуде өтетін Ресей кубогының топтық кезеңі аясындағы «Спартакқа» матчқа дайындалды.

Айта кетейік, Әліп қыркүйекте Қазақстан құрамасы сапында екі кездесу өткізді. Бірақ Әзірбайжанмен ойында (0:3) қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или