«Бүгінгі жеңіліс осал тұстарымыздың бар екенін көрсетті». Магомед Адиев Әзірбайжан - Қазақстан матчы туралы

«Бүгінгі жеңіліс осал тұстарымыздың бар екенін көрсетті». Магомед Адиев Әзірбайжан - Қазақстан матчы туралы
Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Әзербайжанға (0:3) қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Жақсы ойынмен құттықтаймын. Қарсылас жеңіске жетті. Матчтан кейін Джанни Де Бьязиді құттықтадым. Сіздердің өз жолдарыңыз, біздің өз жолымыз бар. 

- Бұл ойында командаңызға мотивация жетіспеді ме? 

- Киім ауыстыратын бөлмеде қай тұсты жақсарту керектігін айттым. Бізге өз күшімізді қалпына келтіру қажет. Бұл матчта жақсы ойнау үшін физикалық жағынан күш жетіспеді. Соңғы турдан кейінгі эмоциялардан кейін  психологиялық тұрғыдан қалыпқа келу қиын болды. Біз әлсіз ойнадық. 

- Топтық кезеңдегі нәтижеге көңіліңіз тола ма? 

- Бүгінгі жеңіліс маған ауыр тиді. Бір жағынан осылай болғанына да қуаныштымын. Әрі қарай даму үшін ойланатын және талдау жасайтын дүниелердің бар екенін көрдік. Жалпы алғанда, турнирлік кестедедегі позициямыз бен жеткен жетістігімізге көңілім толады. Біз үшін бұл алға жасалған үлкен қадам. Бүгінгі жеңіліс осал тұстарымыздың бар екенін көрсетті. 

- Бүгін дебют жасаған Әділет Садыбеков пен Абылайхан Жұмабектің ойыныга қандай баға бересіз? 

- Бірдеңе деп айту қиын, себебі екеуі де аз ойнады. Мен бапкер ретінде кейбір ойыншыларды тексеріп көргім келді. Оларға тек жаттығуда ғана емес, осындай маңызды матчтарда да өздерін көрсетуге мүмкіндік бердім. Жалпы алғанда, алғашқы ойыны жаман емес деп айта аламын. 

- Зайнутдинов неге ойнамады?

- Бақтиер Зайнутдинов Беларусьпен болған ойында жарақат алып қалды, сондықтан бүгінгі матчқа қатыспады. Оның толық қалпына келуі үшін бірнеше апта қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или