Күрес

Қазақстан барысы Мақсат Исағабылов әлем кубогында жеңімпаз атанды

Қазақстан барысы Мақсат Исағабылов әлем кубогында жеңімпаз атанды

Биыл «Қазақстан барысы» атанған қызылордалық балуан Мақсат Исағабылов Румынияның Констанца қаласында өткен қазақ күресінен әлем кубогында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлем кубогына дүниежүзінің 15 мемлекетінен балуандар келді.

Тартысты өткен бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальмен бірге ақшалай сыйлық берілді.

Еліміздің үздік балуаны Мақсат Исағабыловқа 100 келіден жоғары салмақта қарсылас шақ келген жоқ.

Жүлде тігілген сегіз салмақтың жетеуінде қазақстандық спортшылар мықты екенін көрсетті.

Олардың қатарынан Бекжан Төлепов, Марат Нығматуллаев, Нұрболат Мырзанов, Сафуан Мұратбеков, Еламан Қойшыбаев пен Әсет Ахметжанов чемпион атанды.

Ал 100 келіге дейінгі салмақта Еркінбек Бөлен камерундық Доласем Дьэдоннеге жол беріп қойды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0