«Ақтөбе» ойыншысы Либерия ұлттық құрамасына шақырту алды
Адукор Либерия ұлттық құрамасына шақыртылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақтөбе» қорғаушысы Йоахим Адукор Африка ұлттар кубогының іріктеу кезеңіне дайындық аясында өтетін жолдастық кездесулерге шақырту алды.
Атап айтқанда, Либерия 25 қыркүйекте Нигер құрамасымен, ал 27 қыркүйекте Мысыр құрамасымен бақылау матчын ойнайды.
Ойындар Мысыр астанасы Каир қаласында өтеді деп жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или